Жоқ пәтер, жалған жарнама: Қарағандыда студенттер 2,2 млн теңгеге алданды

Жоқ пәтер, жалған жарнама: Қарағандыда студенттер 2,2 млн теңгеге алданды
Informburo.kz

Қарағандыда студенттерге әлеуметтік желі арқылы жоқ пәтерлерді жалға ұсынып, алдын ала төлем алған 31 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті тамыз айында арзан баспана туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Жарнамалардағы пәтер суреттері интернеттен алынған. Арзан үй іздеген студенттер алдын ала ақша аударғаннан кейін әйел байланысын үзген.

Тергеу барысында алаяқтықтың 10 дерегі анықталып, жәбірленушілерге келген шығын 2,2 млн теңгеден асқаны белгілі болды.

Полиция күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр. Осыған байланысты жәбірленушілер саны артуы мүмкін.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның кінәсін сот анықтайды.