Қазақстандық боксшы Зарина Толыбай U19 санатындағы әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ult.kz.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында отандасымыз аса ауыр салмақта сынға түсті.
Шешуші жекпе-жекте Зарина Ресей өкілі Самира Итониевамен кездесіп, төрешілердің 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы финалға дейін де сенімді өнер көрсетті. Ширек финалда Тувалу өкілі Френцис Таафакіні екінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе, жартылай финалда түркиялық Мирей Догрудан 5:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Зарина Толыбай биыл шілде айында Индонезия астанасы Джакартада өткен U19 санатындағы Азия чемпионатында да қарсыластарынан озып, чемпион атанған болатын. Енді отандасымыз құрлықтағы жеңісін әлемдік алтынмен толықтырды.