Харри Кейн «Алтын допты» жеңіп алған алғашқы «Бавария» ойыншысы атанды

Харри Кейн «Алтын допты» жеңіп алған алғашқы «Бавария» ойыншысы атанды
championat.com

«Бавария» клубы мен Англия құрамасының 33 жастағы шабуылшысы Харри Кейн мансабында алғаш рет 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесін иеленді. Осылайша, ол соңғы 45 жылда беделді марапатқа қол жеткізген Мюнхен клубының алғашқы футболшысы болды, деп хабарлайды ult.kz.

Соңғы футбол маусымында Харри Кейн «Бавариямен» бірге Германия чемпионатында, ел кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетті. Сонымен қатар Кейн Бундеслиганың үздік сұрмергені атанып, қарсыластар қақпасына 36 гол соқты. Англия құрамасы сапында әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

«Алтын доп» жүлдесін француздық France Football журналы тағайындайды. 2022 жылдан бері жеңімпазды анықтау кезінде күнтізбелік жылдағы көрсеткіштер емес, футбол маусымындағы нәтижелер негізге алынады.