Қырғызстандық ММА файтері Марсель Нұрланбек қазақстандық Еркебұлан Тоқтармен қайта жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда реванш үшін 100 мың доллар көлемінде гонорар күтетінін айтты, деп хабарлайды ult.kz.
1bol.kz спорт порталының мәліметінше, келесі қарсыласы туралы сұраққа жауап берген Марсель Нұрланбек Еркебұлан Тоқтармен немесе Ануарбек «Мотиватормен» қайта кездесуге қарсы емес екенін жеткізді.
Дегенмен қырғыз файтері Еркебұланмен ММА ережесі бойынша жұдырықтасуды қызықсыз санайтынын айтып, қазақстандық спортшымен жалаң жұдырықпен айқасқысы келетінін білдірді.
Еске салайық, Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нұрланбектің алғашқы жекпе-жегі 2026 жылғы 28 наурызда Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінің басты оқиғасы болды. ММА қолғаптарымен бокстасу ережесі бойынша өткен үш раундтық кездесуде төрешілердің бірауыздан шешімімен Марсель Нұрланбек жеңіске жетті. Осылайша, ол қазақстандық спортшының жеңісті сериясын тоқтатты.