Заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайға жауап берді (ВИДЕО)

Заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайға жауап берді (ВИДЕО)
Коллаж: ult.kz

Заңгер Мейірман Шекеев әнші әрі тележүргізуші Аша Матайдың өзіне қатысты айтқан сөздеріне жауап ретінде әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Шекеевтің айтуынша, Аша Матайдың пікірін түсінбей қалғанын жасырмаған.

«Аша Матайдың сөздерін маған түсінікті тілге аударып беретін маман бар ма? Мен не дедім, домбырам не дедінің сиқы болып, түсінбей дал болып отырмын. Тәрбиесі, көкірегі тағы басқасы несі?» – деп жазды заңгер.

Сонымен қатар ол әзіл аралас жазбасында оқырмандарынан өз парақшасына жазылуды сұрап, көпшілік тіркелсе, «кейбіреулердің» менсінбей қарауы тоқтайтын шығар деген ойын жеткізді.

«Қазіргі заманда адамның білімі мен дәрежесі оның әлеуметтік желідегі оқырман санымен бағаланатын болды ғой. Көбірек тіркелсеңіздер, маған осындай әртіс-блогерлер төбеден қарағанын қоятын шығар», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Аша Матай алдағы уақытта Парламент депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түсу жоспары бар екенін мәлімдеген болатын. Осыдан кейін оның мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, заңгер Мейірман Шекеев те өз пікірін білдірді.