Жамбылдағы жол апаты: Бақытжан Базарбек зардап шеккен азаматтың отбасымен бірге видео жариялады

Жамбылдағы жол апаты: Бақытжан Базарбек зардап шеккен азаматтың отбасымен бірге видео жариялады
видеодан скриншот

Жамбыл облысында 15 тамызда болған жол апатын жасаған бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек зардап шеккен 36 жастағы азаматтың отбасымен бірге видеоүндеу жасады, деп хабарлайды ult.kz. 

Ол емделуге көмектесетінін айтып, расталмаған ақпарат таратпауға шақырды. 

Апат Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасында болған. Toyota көлігі жолда тұрған ер адамды қағып кеткен. Полиция қылмыстық іс қозғаған. 

Зардап шеккен азаматтың жағдайы бастапқыда өте ауыр деп бағаланған, қазір тұрақтанған. Базарбек отбасының жанында екенін және қажет болса Астана мен Алматыдағы клиникаларда емделуге көмектесуге дайын екенін айтты. Ол видеода тергеу аяқталмай тұрып қорытынды жасамауға үндеді.

Еске салайық, Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында болған жол апатына қатысты алғаш рет пікір білдірген.