Жамбыл облысында полиция қызметкерінің қаза болуына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды ult.kz.
Қайғылы оқиға Қордай аудандық полиция бөлімінің ғимаратында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 31 жастағы Арнайы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) инспекторы казарма дәлізінде қызметтік қарудан өзіне оқ атқан.
Ауыр жарақат алған полиция қызметкері жедел түрде аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ер адам есін жимастан көз жұмды.
Жамбыл облыстық полиция департаменті аталған деректі растады. Ведомство мәліметінше, оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы — «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, барлық мән-жай мен себептерді анықтау мақсатында қызметтік тексеріс жүргізілуде.