Белгілі кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева отбасын құрды. Кеше Алматыда ұлан асыр той өтті, деп хабарлайды ult.kz.
Қазақстандық кәсіпкер, «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің құдағиы былай деп жазба қалдырды:
«Күйеу жігіттің куәгері әрі ағасы Андрес Оби Карл мен Алтынайдың Алматыдағы тойында ортаға шақырылып, жеке инвестициялар саласынан бөлек өнері бар екенін көрсетті.
Алматыда не болса, соның бәрі Instagram-да жарияланады ғой.
P.S. Оның нигериялық дәстүрлі агбада киімінің сыртынан қазақстандық шапан кигені қатты ұнады», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Алтынай Жәкішева 1999 жылы дүниеге келген. Ол – модельдік индустрияда табысты еңбек етіп жүрген қазақстандық арулардың бірі. Қазіргі уақытта Ұлыбританияның астанасы Лондонда тұрып, халықаралық сән әлемінде өз орнын қалыптастырып келеді.
Алтынай әлемдік деңгейдегі сән көрсетілімдеріне тұрақты қатысып, бірқатар танымал брендтермен жұмыс істеген. Оның портфолиосында Chopard, Jimmy Choo, Adidas секілді халықаралық компаниялармен жүзеге асқан жобалар бар. Жас модельдің мансабы қарқынды дамып, сән индустриясындағы беделі артып келеді.