Freedom Inside '26

ҰҚК шешімі шықты: Нұрлан Сабуров ісі бойынша тергеу аяқталды

ҰҚК шешімі шықты: Нұрлан Сабуров ісі бойынша тергеу аяқталды
Global Look Press

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті стендап-комик Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысын жария етті, деп хабарлайды ult.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әзілкештің Ресейдегі жеке әскери компаниямен (ЖӘК) байланысты құрылымдарды қаржыландыруға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты ҰҚК ақпан айында аталған деректер бойынша тексеру басталғанын хабарлаған еді.

Ведомствоның бүгінгі мәліметіне сәйкес, тексеру аяқталып, ешқандай заңбұзушылық белгілері анықталмаған.

“Тергеу нәтижесінде құқық бұзушылық фактілері расталмады”, – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік кейбір БАҚ-тар Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына кіруге 50 жылға шектеу қойылғаны жөнінде ақпарат таратқан болатын. Сонымен қатар Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, әзірге әзілкештің өзі немесе оның өкілдері ресми түрде Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жүгінбегенін айтқан еді.

Кейін Нұрлан Сабуровтың Алматыға келгені белгілі болды.