Үндістанда 5G-ге ашуланған ауыл тұрғындары инженерді мұнараға байлап қойды (ВИДЕО)

Үндістанда 5G-ге ашуланған ауыл тұрғындары инженерді мұнараға байлап қойды (ВИДЕО)
Hindustan Times

Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Фатехпур ауданында орналасқан Хардаули ауылының тұрғындары ұялы байланыс инженері мұнараға байлап қойған. Бұл туралы жергілікті Hindustan Times ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады ult.kz.

Ауыл тұрғындары мұндай әрекетке екі жыл бойы 5G желісінің тұрақсыз жұмыс істеуіне байланысты барған.

Полицияның мәліметінше, техник байланыс ақауын жөндеу үшін ауылға келген. Алайда тұрғындар оны қоршап алып, кейін ұялы байланыс мұнарасының тіреуіне байлап қойған. Олар инженерді оның жұмыс істейтін телекоммуникациялық компаниясының басшылары келгеннен кейін ғана босататынын айтқан.

Полиция оқиғадан шамамен екі сағат өткен соң техниканы босатып, алты жергілікті тұрғынды ұстаған. Кейін олардың барлығы кепілмен босатылды.