Ұлытау облысында жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топтың жолы кесілді. Күдіктілердің 13 мал ұрлығы дерегіне қатысы бары анықталып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Тергеу мәліметінше, екі топтың құрамында болған 10 адамның аталған қылмыстарға қатысы бар. Бұдан бөлек, жекелеген мал ұрлығы бойынша тағы үш күдікті ұсталған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында заңды иелеріне 40 бас мал қайтарылды.
Қазір аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция мал ұрлығының алдын алу үшін өңірде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы тұрақты өткізілетінін хабарлады. Құқық қорғау органдары мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмай, таңбалап, есепке қоюға шақырды. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда полицияға дереу хабарлау қажет.