“Ұлттың құндылығына тиіспесін”: этнограф Баян Алагөзованы сынады

“Ұлттың құндылығына тиіспесін”: этнограф Баян Алагөзованы сынады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Этнограф, тарихшы Тұрар Сәттарқызы  “Адал адам” YouTube арнасында қоғамдағы құндылықтар, отбасы мен тәрбие туралы ашық айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Ол Баян Алагөзованы сынады.

“Мен оны көре алмағаннан емес. Одан алты аласып, бес бересім жоқ. Ол ұлттың құндылығына тиіспесін. Ол менің жеке басыма тисіп жатқан жоқ. Ол ұлттың құндылығына және ұрпақтың кері кетуіне тиісіп жатыр”, - деді ол. 

Сонымен қатар сұхбат барысында әйел күйеуінен сұрануы керек пе? Неге жасы үлкен әйелдер жас жігіттерді таңдайды? Танымалдардың жеке дауы неге елдің талқысына айналады? деген тақырыптар талқыланған. 
Айта кетейік, Анна Данченко Баян Мақсатқызына алғыс білдірді.

Баян Алагөзова кім?

Баян Алагөзова – қазақстандық продюсер, тележүргізуші, актриса және медиа саласының өкілі. Ол отандық шоу-бизнесте көптеген музыкалық жобаларды жүзеге асырып, бірқатар әншінің танылуына ықпал етті. Баян Алагөзова әр жылдары “КешYOU” тобының продюсері ретінде кеңінен танылды. Оның жетекшілігімен топ құрамында өнер көрсеткен бірнеше әнші кейін жеке шығармашылық жолын бастады.

Продюсер кино саласында да түрлі жобаларға атсалысып, фильмдер мен тележобалардың жарыққа шығуына үлес қосты. Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде белсенді болып, шығармашылық жұмысы, қоғамдағы түрлі мәселелер мен жеке көзқарасы туралы пікірін жиі бөліседі.

Баян Алагөзова қазақстандық шоу-бизнестегі ықпалды продюсерлердің бірі ретінде танылған. Ол жаңа есімдерді таныту, музыкалық топтар құру және отандық ойын-сауық индустриясында коммерциялық жобаларды дамыту бағытында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеді.