Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Уәлибек Әбдірайымов Жұлдызай Дүйсенбиеваға жылы лебізін білдірді

Уәлибек Әбдірайымов Жұлдызай Дүйсенбиеваға жылы лебізін білдірді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

“Шаншар” театрының жетекшісі Уәлибек Әбдірайымов актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның өнерін жоғары бағалап, оның театрдың танылуына қосқан үлесін атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Көпшілік алдында әріптесіне жылы лебізін арнаған театр жетекшісі Жұлдызайдың сахнадағы шеберлігіне ерекше тоқталды. Ол актрисаның өзіндік болмысы мен өнері “Шаншардың” жұлдызын жандырғанын айтып, еңбегіне ризашылығын білдірді.

Әзіл арқылы көрерменге ой салу, кейіпкердің мінезін нанымды жеткізу – актерден ізденіс пен шеберлікті талап ететін жұмыс. Уәлибек Әбдірайымовтың сөзі Жұлдызайдың осы жолдағы еңбегіне берілген жоғары баға болды.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова Мейрамбектің мерейтойында бір бума ақшамен көзге түсті.

Жұлдызай Дүйсенбиева кім?

Жұлдызай Дүйсенбиева – қазақстандық театр және эстрада актрисасы, әзілкеш, әнші. Көпшілікке “Шаншар” әзіл-сықақ театрындағы өнері арқылы танылған. Кейін “Алдараспан” театрында да жұмыс істеген. Сахнада күнделікті өмірдегі түрлі мінездерді әзілмен бейнелеп, көрермен ықыласына бөленген.

Ол актерлікпен қатар кәсіби музыкалық білім алған. Өзінің айтуынша, Әлімбек Қонысбековтің домбыра класын тәмамдаған. Ән орындап, домбыра тартады. Өнер жолында белгілі актер әрі режиссер Райымбек Сейітметовтен тәлім алған.

Жұлдызай әлеуметтік желіде де әзіл видеоларын жариялап, көрерменімен байланысын жалғастырған. Оның шығармашылығында тұрмыс-тіршілік пен адамдар арасындағы қарым-қатынасты арқау еткен сахналық көріністердің орны бөлек.