Белгілі кәсіпкер, «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева отбасын құрды, деп хабарлайды ult.kz.
Жас жұбайлардың тойы Алматы қаласында өтіп, қуанышты сәттен түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Күйеу жігіттің анасы Қазақстан керемет әсер қалдырғанын, әуежайда қызық жағдайға тап болғанын жазды.
«Біз Алматыға және кері бағытта Air Astana әуе компаниясымен ұштық. Алматыға барған рейсіміз жайлы әрі жағымды өтті. Ал қайтар жолдағы сапар мүлде ерекше болды. Ұшаққа мінген кезде бортсерік маған әдеттегіден сәл ұзақтау қарап тұрғанын байқадым, бірақ себебін түсінбедім. Кейін орныма жайғасқан соң, ол қасыма келіп:
– Оби ханым, ұшағымызға қош келдіңіз. Карл мен Алтынайдың үйлену тойымен құттықтаймыз. Біз тойды бақылап, көріп отырдық, – деді.
Содан кейін артымдағы орындықта отырған әйел орнынан тұрып:
– Ұлыңыздың үйлену тойы құтты болсын! Мен оны өткен аптада көрдім, – деді.
Мен таңғалғанымнан орнымнан құлап кете жаздадым!
Бүгінгі рейсте бізге ерекше қамқорлық көрсеткен Air Astana компаниясына және оның тамаша экипаж мүшелеріне алғыс айтамын. Сіздер Алматыда өткізген уақытымыз туралы керемет естеліктерімізді одан әрі толықтыра түстіңіздер», - деп жазды ол.