Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әлеуметтік желіде өзіне теріс пікір жазғандарға жауап берді. Ол денсаулығына қатысты тараған ақпаратқа байланысты ойын ашық жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Жазба авторының айтуынша, желіде оның денсаулығы сыр бергені туралы хабар тараған. Осы ақпараттың астына жағымсыз пікір қалдырғандарға ол күнделікті кәсібімен айналысып жүргенін айтып жауап берген.
“Хейтекеш хейтекеңдер денсаулығы сыр берді деп жаңалық ашып, соған аңғал адамдар қарғап, шаршап коммент жазып отырғанда, мен шүкір, саудамды жасап отырмын. Бұралаң сөз бұтыма”, – деп жазды ол.

Осылайша, келіншек өзі туралы айтылып жатқан әңгімелерге қарамастан, саудасын жалғастырып жүргенін жеткізді. Жазбасында ол өзіне бағытталған сын мен жағымсыз пікірлерге өткір жауап қайтарған.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың шаңырағынан қуанышты хабар жетті.
Тұрсынбек Қабатов кім?
Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов — қазақстандық әзілкеш, актер және тележүргізуші. Ол 1979 жылғы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университетті бітірген. Өнердегі еңбек жолын 2000 жылы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында бастаған.

Көпшілікке Көңілді тапқырлар клубы арқылы танылған. Студент кезінде “Аграрка сарбаздары” командасында өнер көрсетіп, кейін “Астана.kz” және “Қазақтар” командаларының құрамында ойнаған. 2010 жылы ТМД елдерінің “Үздік КВН ойыншысы” атанған.

Кейін жеке әзіл кештерін өткізіп, үлкен сахнада монологтерімен таныла түсті. 2009 жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында, Алматыдағы Республика сарайында жеке концерттерін берген. Ал 2010 жылы “Қазақстан” ұлттық арнасындағы “Екі жұлдыз” жобасына әнші Фарида Ниязовамен бірге қатысқан.