Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев пен актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы бірге бағдарламаға қатысқан, деп хабарлайды ult.kz.
Тараған видеодан екеуінің бір бағдарлама түсірілімінде жүргенін көруге болады. Кадрда Дархан Мұсаев қолына гүл ұстап тұр.
Әзірге олардың қандай бағдарламаға қатысқаны және түсірілімнің неге арналғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Сондай-ақ гүлдің кімге арналғаны да белгісіз.
Айта кетейік, Олжас Абай елдің сынына жауап берді.
Олжас Абай кім?
Олжас Абай — қазақстандық актер әрі әнші. Көпшілікке “Очоу” сахналық есімімен де таныс. Көрерменге “Таптым-ау сені”, “Брат немесе брак”, “Сиситай” фильмдеріндегі рөлдері арқылы танылған. Актерлікпен қатар ән шығарып, музыкалық жобаларға қатысады.

Олжас Абай комедиялық рөлдермен қатар драмалық образдарды да сомдап жүр.

Оның фильмографиясында “Оттегі”, “Ыстық ұя”, “Ауылбайский участковый” және “Келінжан 3” секілді туындылар бар.