Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азамат анасын өлтірді

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азамат анасын өлтірді
Фото: gov.kz

Түркістан облысында жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азамат өз анасын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды ult.kz.

Бейресми ақпараттарға сәйкес, күдікті шамамен 40 жаста және оған бала кезінен церебралды сал ауруы (ДЦП) диагнозы қойылған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қайғылы оқиға олардың өз үйінде болған. Азамат туған анасына бірнеше рет пышақ жарақатын салып, әйел оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта мұндай қадамға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға дейін анасы ұлымен бірге тұрып келгені айтылады.

Түркістан облыстық полиция департаменті аталған деректі растады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.