Түркістан облысында ер адам әйелін балаларының көзінше аяусыз ұрып-соққан

Түркістан облысында ер адам әйелін балаларының көзінше аяусыз ұрып-соққан
Фото: видеодан кадр

Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында әйел адам күйеуінен зорлық-зомбылық көрген, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға кезінде ер адам әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан. Бұл туралы жәбірленушінің туысы әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Туысының айтуынша, ер адам әйелінің атына 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген.

Бұдан бөлек, әйеліне күш көрсетіп, оны өлтіремін деп қорқытып келген. Жәбірленушінің жақындары оның мұндай әрекетке бірнеше рет тап болғанын айтып отыр.

Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.