Түркістан облысында туған анасын өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Түлкібас ауданындағы ауылдардың бірінде болған. “Отырар” телеарнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, күдікті өз үйінде анасын пышақтап, әйел оқиға орнында алған ауыр жарақаттарынан көз жұмған.
Әлеуметтік желілерде күдіктінің церебралды сал ауруына шалдыққаны туралы бейресми ақпарат тараған. Дегенмен бұл мәліметті құқық қорғау органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Түркістан облысы Полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның нақты себептері мен өзге де мән-жайлары тергеу барысында анықталатын болады.