Түркістан облысының Түлкібас ауданында егде жастағы әйелдің өліміне қатысты оның 40 жастағы ұлы күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өз үйінен пышақ жарақаттарымен табылған. Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның мәліметінше, күдікті ретінде марқұмның 40 жастағы ұлы ұсталып, қамауға алынған. Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз.
– Түлкібас ауданы тұрғынының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.