9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

9 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түсіп, батыс пен солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада күн ала бұлттанып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +9…+11 градус болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 9–14 метрге, екпіні 15–20 метрге жетеді.

Алматыда жауын-шашын болмайды, күн ала бұлтты болады. Түнде +10…+12, күндіз +20…+22 градус жылы күтіледі. Оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шымкентте таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +13…+15, күндіз +18…+20 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, күндіз екпіні 15–20 метрге жетеді.

Елдің батысы мен солтүстік-батысында кей жерлерде жаңбыр аралас қар қатты жауады, ал оңтүстікте күндіз нөсер жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тұман мен көктайғақ жолдағы қозғалысты қиындатуы мүмкін.