Атырау қаласында әйел адам Орталық көпірден Жайық өзеніне секірген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол аман қалған, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан әйелдің көпір қоршауына шығып, артынша суға секіргенін көруге болады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен әйелдің денсаулық жағдайы анықталып жатыр.