Астана – Петропавл тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан небәрі төрт күндік сәби зардап шекті. Қазір дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Sinegor.kz басылымның мәліметінше, әлеуметтік желі қолданушылары сәбидің анасы перзентханадан үйіне қайтып келе жатқанын жазған.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 7 қарашада Астана – Петропавл автожолының 312-шақырымында болған. Апатқа Volvo жүк көлігі, Hyundai Genesis және Lada Granta автокөліктері қатысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Genesis көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады», – делінген полиция хабарламасында.
Бейресми мәлімет бойынша, жол апатынан тағы бір кәмелетке толмаған бала зардап шеккен. Үш зардап шегуші - ересек адам.