Шайбалы хоккейден Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды, деп хабарлайды ult.kz.
Алғашқы матчта отандастарымыз Жапония құрамасын 3:2 есебімен жеңсе, екінші ойында Қытай хоккейшілеріне еш мүмкіндік қалдырмай, 5:0 есебімен айқын басымдық танытты. Ал Оңтүстік Кореяға қарсы кездесу негізгі уақытта 0:0 есебімен аяқталып, буллиттер сериясында Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Жарыстың қорытынды нәтижесі:
1-орын - Қазақстан
2-орын - Жапония
3-орын - Оңтүстік Корея
Айта кетейік, бұған дейін хоккейшілеріміз 2024 және 2025 жылдары да Азия чемпионы атанған болатын.
Осылайша, үш матчта да жеңіліс таппаған спортшыларымыз турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, бүған дейін шайбалы хоккейден Қазақсанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.