Мейрамбек Беспаевтың анасы ұлы туралы сыр шертті

Мейрамбек Беспаевтың анасы ұлы туралы сыр шертті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында анасы Жібек Жолдасова ұлының бала кезін еске алып, ақ тілегін жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесінің анасы баласының әнге жақын болып өскенін, оны ән айтылатын ортаға ертіп жүргендерін айтты. Дегенмен Мейрамбектің ел сүйіспеншілігіне бөленуін ең алдымен өзінің талабы мен бойындағы дарынымен байланыстырды.

“Қай жерде ән айтылады, сол жерге Мейрамбекті сүйреп жүретін едік. Бірақ бәрі өзінің талабына байланысты. Дарыны бойында болғандықтан халықтың сүйікті әншісі атанып отыр. Жасың ұзақ болсын, балам. Денің сау болсын”, – деді анасы.

Айта кетейік, Заттыбек Мейрамбектің мерейтойында домбыраны 16 миллион теңгеге сатып алды. 

Мейрамбек Беспаев кім? 
 

Мейрамбек Беспаев — қазақ эстрадасының танымал әншісі, “МузАРТ” тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1976 жылы 7 қарашада дүниеге келген. Бала кезінде “Бозторғай” әнін орындап, елге танылған. Өнер жолында әнші әрі композитор Алтынбек Қоразбаевтың тәлімін алған.

Мейрамбек Беспаев қоңыр даусымен, халық әндері мен лирикалық шығармаларды орындауымен ерекшеленеді. “МузАРТ” тобында Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбіловпен бірге өнер көрсетіп, тыңдарман ықыласына бөленді.

Оның репертуарында туған жер, ана, махаббат пен сағыныш тақырыбындағы әндер көп.