Әнші Мейрамбек Бесбаевтың 50 жас мерейтойында кезінде АБК тобында бірге өнер көрсеткен Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болманов және Ерлан Көкеев бас қосты, деп хабарлайды ult.kz.
Өнерпаздар көпшілікке танымал “Тамшылар” әнін орындап, мерейтой иесінің қуанышына ортақтасты.
АБК – 1990 жылдары қазақ эстрадасында танылған үштіктің бірі. Топтың атауы Арынбаев, Болманов және Көкеевтің тегінің алғашқы әріптерінен құралған. Тыңдарманға “Тамшылар”, “Қайдасың”, “Айсұлу” секілді әндерімен танылған ұжым кейін тарап, мүшелері шығармашылық жолын жеке жалғастырды.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиев Мейрамбекті 50 жасымен құттықтады.
Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толды
Қазақ эстрадасының танымал өкілі, “МузАРТ” тобының әншісі Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толды.
Өнер иесі 1976 жылы 7 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Бала кезінен әншілік қабілетімен танылып, кейін кәсіби сахнаға қадам басты. Оның орындауындағы “Бозторғай” әні жас Мейрамбекті көпшілікке танытты.

Әншінің шығармашылық жолында “МузАРТ” тобының орны ерекше. Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбіловпен бірге орындаған әндері тыңдарманның ықыласына бөленіп, топ қазақ эстрадасындағы танымал ұжымдардың біріне айналды.

Мейрамбек Беспаев мерейтойына орай еліміздің бірнеше қаласында шығармашылық кеш өткізді. Әншінің 50 жасына арналған концерттері Астанада 1 қарашада, Алматыда 6 қарашада ұйымдастырылды.