“Нұр-Мұқасан” тобының мүшесі Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен араласуды тоқтатқанын, тіпті сәлемдеспейтінін жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Әнші бұл туралы “Жетінші арнаға” берген сұхбатында айтқан. Оның сөзінше, бірнеше тойда Нұрлан өзі қол созып амандаспақ болғанымен, ол қолын алмаған.
“Мен амандаспаймын. 2-3 тойда қызып жатқан кезде маған қолын созды. Қолын алмай қойдым. Ең бастысы аман болсыншы”, – деді Мұқасан Шахзадаев.
Алайда әнші екеуінің арасына не себепті сызат түскенін ашып айтпады.
Айта кетейік, Актер Әбілмансұр Серіковтің экс-әйелі алимент туралы сөз қозғады.
Мұқасан Шахзадаев кім?
Мұқасан Шахзадаев – қазақстандық эстрада әншісі, “Нұр-Мұқасан” дуэті арқылы көпшілікке танылған өнер иесі. Ол 1972 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. Музыкалық білім алып, кәсіби сахнаға қадам басқан.

Мұқасан Нұрлан Қонысбаевпен бірге “Нұр-Мұқасан” дуэтін құрған. Өнер ұжымы 1990 жылдардан бастап тыңдарманға кеңінен таныла бастады. Репертуарындағы “Қос қарлығаш”, “Бір ғасыр”, “Іздедім”, “Алматымның сұлулары” секілді әндер көпшілікке белгілі.

Кейін қос әнші жеке шығармашылықпен айналысуға көшкен. Мұқасан бұл туралы сұхбаттарының бірінде айтып, “Нұр-Мұқасан” атауының бренд болып қалғанын жеткізген. Ал 2021 жылы ол “Алматы әуендері” мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалған.