Халық әртісі 99 жасында көз жұмды

Халық әртісі 99 жасында көз жұмды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Кеңестік және ресейлік театр және кино актері Юрий Каюров 99 жасында дүниеден өтті. Өнер иесі 6 қарашада көз жұмған, деп хабарлайды ult.kz.

Театр ұжымы марқұмның туған-туыстары мен өнерін бағалаған көрермендеріне көңіл айтты. Каюров биыл 30 қыркүйекте 99 жасқа толған. Соңғы жылдары сахнаға шықпағанымен, театр өмірінен қол үзбей, жаңа қойылымдардың премьераларына келіп жүрген. 

Юрий Каюров 1927 жылы Череповец қаласында дүниеге келген. 1952 жылы Ленинград мемлекеттік театр институтын бітіріп, Саратов драма театрында еңбек жолын бастаған. Онда 15 жыл жұмыс істегеннен кейін, 1967 жылы Малый театрға шақырылған. Осы театр сахнасында 25 рөл сомдаған. 

Танымал образ
 

Актерге кең танымалдық әкелген образ — Владимир Лениннің рөлі. Ол бұл кейіпкерді алғаш рет 1961 жылы режиссер Анатолий Рыбаковтың “В начале века” фильмінде сомдады. Кейін Ленин бейнесін жалпы 16 фильм мен екі спектакльде алып шыққан. 

Каюровтың шығармашылығы бір ғана тарихи тұлғаның бейнесімен шектелмейді. Ол “Долгие проводы”, “Пропавшая экспедиция”, “Государственная граница”, “Петербургские тайны” және басқа да фильмдер мен тележобаларға түскен. Өнердегі еңбегі үшін халық әртісі атанып, КСРО мен Ресейдің мемлекеттік сыйлықтарына ие болған. 

Актердің отбасынан алынған мәлімет бойынша, қоштасу рәсімі мен жерлеу 10 қарашада Мәскеудегі Троекуров зиратында өтеді.