Танымал тележүргізуші Динара Жанықұл (Сәтжан) әлеуметтік желідегі парақшасында екі анасына деген ықыласын білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
“Екі анамның қызы болғаныма бақыттымын”, – деп жазды ол.
Тележүргізуші бұған дейін де енесіне деген құрметін ашық білдіріп келген. Мәселен, биыл ақпанда енесін 82 жасқа толған туған күнімен құттықтап, жүз жасқа жетуін тілеген. Жарияланымдарында оны еркелетіп “енешка” деп атайтыны да жазылған.
Динара енесі Жақсыгүл Жанықұловамен бірге “Жібек жолы” арнасына сұхбат берген. Әңгіме барысында енесі келінінің ақкөңілдігі мен ашық мінезін атап өткен. Ал тележүргізуші отбасындағы сыйластық пен өзара сөйлесе білудің маңызына тоқталған.
Еске салайық, Динара Сәтжан 2025 жылы кәсіпкер Жұмабек Жанықұловпен шаңырақ көтерген. Тұрмысқа шыққаннан кейін тегін Жанықұл деп өзгерткенін хабарлағанымен, көпшілік оны әлі де Сәтжан тегімен таниды.
Айта кетейік,
Динара Сәтжан кім?
Динара Сәтжан — қазақстандық журналист, тележүргізуші, медиаменеджер әрі кәсіпкер. Көпшілікке жаңалықтар жүргізушісі және танымал тұлғалармен сұхбаттасатын журналист ретінде таныс. Ол 1982 жылы 21 қыркүйекте Жаңаарқада дүниеге келген. Телевизиядағы еңбек жолында “Астана” және “Хабар” арналарында жұмыс істеп, кейін авторлық жобаларын дамытқан.

Журналистикадан бөлек, сән және сұлулық саласында кәсіппен айналысқан. Динараның Даниал есімді ұлы мен Диана есімді қызы бар.

2025 жылы кәсіпкер Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шығып, тегін Жанықұл деп өзгерткен. Әлеуметтік желіде кәсібі, отбасы және жеке өміріне қатысты ойларымен бөлісіп отырады.