Танымал әнші Төреғали Төреәлі Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында қысқа жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
“Емшекті еміп өсіп, сүйіп өтесің”, – деп жазды өнер иесі.
Жарияланымда әнші бұл сөзді қандай жағдайға байланысты жазғанын түсіндірмеген. Скриншоттағы көрсеткіштерге қарағанда, жазбаға 22 мыңға жуық лүпіл басылып, 1,6 мыңға жуық пікір қалдырылған.

Бұл - әншінің әлеуметтік желідегі назар аудартқан алғашқы жазбасы емес. Бұған дейін ол Threads парақшасында ақын Есенқұл Жақыпбектің жастық шақ пен өткен өмір туралы өлеңінен үзінді бөліскен. Сондай-ақ әйел мен ер адамның қарым-қатынасына қатысты жарияланымдары да талқыланған болатын.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің концертіне қатысты дау шықты.
Төреғали Төреәлі кім?
Төреғали Төреәлі — қазақстандық эстрада әншісі, айтыскер ақын әрі актер. Толық аты-жөні — Төреғали Төреәліұлы Әлиханов. Ол 1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша бітірген.

Өнер жолын айтыстан бастап, студенттік сайыстарда жеңімпаз, республикалық додаларда жүлдегер атанған. Кейін эстрадаға бет бұрып, “Отанды сүю – иманнан” әнімен танылды.

Ерке Есмаханмен бірге орындаған “Алло” дуэті де оның танымалдығын арттырды. Репертуарында “Біртүрлі қыз”, “Ерке қыз”, “Найзағай болып” сияқты әндер бар. Көпшілік оны “Ұлы дала баласы” деген атпен де біледі.