Төреғали Төреәлі тағы жазба жариялады

Төреғали Төреәлі тағы жазба жариялады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында көп әйел алу тақырыбын қозғады, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі жазбасын екі әйел алуға қарсылық білдіргендей бастағанымен, келесі сөйлемінде ойын басқа арнаға бұрған.

“Екі әйел алу деген не сұмдық!

Үш әйел, төрт әйел алуға да мүмкіндік бар емес пе?!” – деп жазды әнші.

Төреғали бұл сөзін қандай жағдайға байланысты айтқанын түсіндірмеген. 
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі тосын жазба жариялады. 

Төреғали Төреәлі кім?

Төреғали Төреәлі — қазақстандық эстрада әншісі, айтыскер ақын. Толық аты-жөні — Төреғали Төреәліұлы Әлиханов. Ол 1992 жылғы 14 қазанда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Өнерге жастайынан қызығып, әкесі Төреәлінің қолдауымен сахнаға қадам басқан. Әкесі оны кішкентайынан жанына ертіп, өнерге баулыған. 

Өнер жолын айтыстан бастаған Төреғали кейін әншілікке бет бұрды. Қалың көпшілікке “Отанды сүю – иманнан” әнімен танылды. Тыңдармандары оны “Ұлы дала баласы” деген атпен де біледі. Осы атаумен жеке шығармашылық концертін өткізген.

 

Оның репертуарында ұлттық нақыштағы шығармалар мен махаббат тақырыбындағы әндер бар. Ерке Есмаханмен бірге орындаған “Алло” әні де жұртшылыққа кеңінен танылған туындыларының бірі.