Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі 34 жасқа толды. Өнер иесі туған күнін жақындарының ортасында атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.
Әлеуметтік желіде туған күннен видеолар тарады. Туған күнге әншінің ата-анасы, қайын жұрты мен бауырлары, балалары қатысқан.
Өнердегі әріптестері көрінбеді. Туған күн ерекше форматта өткен. Тойға келген әр қонақ Төреғали Төреәлінің бір әнін орындауы керек болған.
Сонымен қатар, әншінің жары Толқынның ата-анасы күйеубаласына iPhone 18 Pro Max смартфонын табыстады.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің отбасында көптен күткен қуаныш болды.
Төреғали Төреәлі кім?
Төреғали Төреәлі – қазақстандық әнші, айтыскер ақын. Ол 1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Көпшілікке «Ұлы дала баласы» деген атпен танылған өнер иесі 2026 жылы 34 жасқа толды.
Өнер жолын айтыстан бастаған Төреғали кейін эстрадаға бет бұрды. Оның «Отанды сүю – иманнан», «Іздеме» әндері тыңдарманға таныс. Ал Ерке Есмаханмен бірге орындаған «Алло» дуэті әншінің танымалдығын арттырды. Репертуарында махаббат, туған жер және отбасы тақырыбындағы туындылар бар.