Төреғали Төреәлінің отбасында көптен күткен қуаныш болды

Төреғали Төреәлінің отбасында көптен күткен қуаныш болды
видеодан скриншот

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің отбасында көптен күткен қуанышты жаңалық болды. БЦП (ДЦП) диагнозы қойылған 11 жастағы қызы Каусар әкесіне қарай еңбектеп барды, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл туралы әншінің жары Толқын Мырзакимова 21 қыркүйекте Instagram парақшасында жазды.

«Кәусарымның арманы бір кездері әкесінің алдынан еңбектеп шығу еді, бұл күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер. Бұйырса жүгіріп шығуын нәсіп етсін Аллам», – деп жазды ол.

Әншінің жанкүйерлері де отбасының қуанышына ортақтасып, Каусардың тағы бір арманы – аяғына нық тұруы жақын арада орындалуын тіледі.

Айта кетейік, Торегали Төреәлі мен Толқын Мырзакимова 2014 жылы шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыптының жеті баласы бар.