Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Тоқаев: Жеті жылдың ішінде алтын-валюта резерві мен ұлттық қор активтері 44 пайызға ұлғайды

Тоқаев: Жеті жылдың ішінде алтын-валюта резерві мен ұлттық қор активтері 44 пайызға ұлғайды
Ақорда

Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2026 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 398 млрд долларға жетеді. III Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жеті жылда ел экономикасының айтарлықтай өскенін атап өтті. Оның айтуынша, 2019 жылы ЖІӨ көлемі шамамен 181 млрд доллар болған, деп хабарлайды ult.kz.

Мемлекет басшысы осы кезеңде экономикаға тартылған шетелдік инвестиция, сыртқы сауда айналымы мен елдің қаржы резервтерінің өскеніне де тоқталды.

«2019 жылдан бері экономикамызға 155 миллиард доллар шетел инвестициясы тартылды. Еліміздің сыртқы сауда көлемі 150 миллиард долларға жуықтады. Алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 44 пайызға ұлғайып, 129 миллиард доллардан асты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының нәтижелерін атап өтті. Оның мәліметінше, бағдарлама аясында 7 миллионнан астам баланың жеке есепшотына жалпы сомасы 2,5 млрд доллар аударылған.

Мемлекет басшысы бұл бастаманы бүгінгі буынның өскелең ұрпақтың жарқын әрі қауіпсіз болашағына қосқан үлесі ретінде бағалады.