Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ащы кеспе жеп, энергетик ішкен ер адам жансақтаудан бір-ақ шықты

Ащы кеспе жеп, энергетик ішкен ер адам жансақтаудан бір-ақ шықты
baike.baidu.com

Петропавлда ащы кеспе жеп, кола мен энергетик ішкен ер адам ауыр халде ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның өмірін 12 күн бойы жансақтау бөлімінде сақтап қалуға тырысқан, деп хабарлайды ult.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасының мәліметінше, науқас түнде іші қатты ауырғанына қарамастан, таңға дейін шыдамақ болған. Алайда жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.

Ер адамның айтуынша, бұған дейін де осындай асқынулар болған, бірақ мұндай ауыр жағдайға алғаш рет тап болған. Оған шұғыл операция жасалып, өздігінен тыныс ала алмағандықтан, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Науқас 12 күн жансақтау бөлімінде жатып, жалпы 20 күн емделгеннен кейін ауруханадан шыққан.