Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» халықаралық турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Президент спортшының жеңісі оның жігері мен жоғары шеберлігінің айқын дәлелі екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай беделді жарыстар ұлттық дәстүрлерді дәріптеп қана қоймай, жастарды ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандырады.
Мемлекет басшысы Жантілек Нұртілепұлына алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тіледі.
Айта кетейік, Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы («Лабақ батыр») қазақ күресінен еліміздің басты додасы — Qazaqstan Barysy — 2026 супертурнирінің жеңімпазы атанып, алғашқы қатысуында-ақ алтын белбеуді жеңіп алды.