Freedom Inside '26

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ult.kz.

Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген келісімдер екі ел арасындағы ықпалдастықтың барлық бағытына тың серпін бергенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей үкіметтері сол уағдаластықтарды кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатыр.

Тараптар сондай-ақ шілде айының соңында Омбы қаласында өтетін ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысына ерекше назар аударды.

Телефон арқылы сөйлесу кезінде мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин алдағы уақытта да тұрақты байланыста болып, екіжақты диалогты жалғастыруға келісті.