Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Ақорданың мәліметінше, көптеген халықаралық байқаушылардың алдын ала бағалауына сәйкес, сайлау Арменияның қолданыстағы заңнамасына сай, ашық түрде және азаматтардың еркін таңдау жасауына қажетті жағдайлар қамтамасыз етіле отырып өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянға Арменияның ұзақмерзімді ұлттық мүдделерін жүзеге асыру жолындағы қызметіне табыс тіледі.
Сонымен қатар Президент Қазақстанның достас Армениямен барлық бағыттағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы армян халқына елдің дамуы жолында табыс, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.