Тоқаев Марокко Королін Таққа отырған күнімен құттықтады

Тоқаев Марокко Королін Таққа отырған күнімен құттықтады
Ақорда

Президент Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ult.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен құттықтады. 

"Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.