Белгілі әнші Толқын Забирова отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесінің ұлы шаңырақ көтеріп, әнші жаңа түскен келіні мен құда-құдағиын көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды ult.kz.
Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының үйлену тойына қатысты бейнежазба жариялады. Әнші отбасындағы маңызды сәттерді оқырмандарымен бөлісіп, ұлы мен келінінің жаңа өмірге қадам басқанын көрсетті.
Жарияланған видеода жас жұбайлардың неке қию рәсімінен үзінділер берілген. Ерлі-зайыптылардың өміріндегі ерекше күннің әсерлі сәттері бейнежазбаға түсірілген.
Өнер иесі бұл қуанышын жақындарымен ғана шектемей, әлеуметтік желідегі оқырмандарына да жеткізген. Әсіресе, әншінің жаңа түскен келінін және құда-құдағиын таныстыруы назар аударды.
Айта кетейік, Танымал актриса 88 жасында көз жұмды.
Толқын Забирова кім?
Толқын Забирова – қазақстандық танымал әнші, опера және эстрада орындаушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол классикалық вокал мен эстрадалық әндерді қатар орындап, қазақ музыка өнерінің дамуына үлес қосқан өнер иелерінің бірі.

Әнші өзінің кең дауыс диапазонымен, орындаушылық шеберлігімен және сахна мәдениетімен танылған. Оның репертуарында қазақ композиторларының шығармалары, халық әндері мен классикалық туындылар бар.

Толқын Забирова 1970 жылы 17 қазанда Аягөз қаласында дүниеге келген. Ол Құрманғазы атындағы консерваторияда әйгілі әнші Бибігүл Төлегеновадан дәріс алып, оқу орнын 1993 жылы үздік тәмамдаған. Кейін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында еңбек етіп, халықаралық ән байқауларында жүлделі орындарға ие болды. 2008 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған. Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор ретінде жас әншілерді тәрбиелеуге де үлес қосқан. 2024 жылы “Парасат” орденімен марапатталды.
Әнші үш ұл тәрбиелеп өсірген. Олардың есімдері – Шахрияр, Диар және Санжар.