Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Жертөледе тұрдық”: Азамат Сатыбалдының жары қиын күндерін еске алды

“Жертөледе тұрдық”: Азамат Сатыбалдының жары қиын күндерін еске алды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстандық танымал актер Азамат Сатыбалдының жұбайы Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің алғашқы жылдары туралы айтып, күйеуімен бірге бастан өткерген қиындықтарын еске алды, деп хабарлайды ult.kz.

Назгүл Қарабалинаның айтуынша, Азамат Сатыбалды шаңырақ көтерер алдында үлкен той жасауға мүмкіндігі жоқ екенін жасырмаған. Алайда болашақ жары үшін тойдың сән-салтанаты емес, сүйген адамымен бірге болу маңызды болған.

“Азамат мен той істеп беретін жағдайым жоқ деп ашығын айтты. Маған ол маңызды да емес еді. Мен жоқшылықта өскен адам емеспін. Бірге жертөлелерде тұрдық. Қиын кезеңдер өтті. Тық-тық деп су ағып тұратын”, – деді Назгүл Қарабалина.

Осылайша, актердің жары тұрмыс құрғаннан кейін бұрын өзі үйренбеген қиындықтарға тап болғанын жасырмады. Ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірі бірден жайлы баспанадан басталмаған. Олар жертөледе тұрып, тұрмыстық қолайсыздықтарды бірге еңсерген.

Айта кетейік, Қарагөз Сүлейменова ашық сұхбат берді.

Азамат Сатыбалды кім?

Азамат Сатыбалды – қазақстандық театр және кино актері, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген.

Өнер жолын театр сахнасынан бастаған актер Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында қызмет атқарған. Кейін театр басшылығы мен кино өндірісі саласында да еңбек етті.

Азамат Сатыбалды 2023 жылы “Қазақфильм” киностудиясының президенті болып тағайындалды. Ол отандық кино мен театрдың дамуына үлес қосқан өнер қайраткерлерінің бірі.

Актердің жұбайы – Назгүл Қарабалина. Ерлі-зайыптылар ұзақ жылдан бері бірге өмір сүріп келеді. Назгүл Қарабалина сұхбаттарының бірінде отбасылық өмірінің алғашқы жылдары оңай болмағанын, күйеуімен бірге жертөледе тұрып, тұрмыстық қиындықтарды бастан өткергенін айтқан.