Әлеуметтік желіде айтқан сөзімен қызу талқыға түскен 66 жастағы зейнеткерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды ult.kz.
Ер адамға әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздырды деген айып тағылып отыр. Бұған дейін ол екі айға қамауға алынған. Іс бойынша оның мәлімдемелеріне кешенді дінтану, саясаттану және филологиялық сараптама жүргізілген.
Егер сот зейнеткерді кінәлі деп тапса, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұл жағдай бұған дейін желіде тараған видеодан кейін қоғамның назарын аударған еді. Кадрларда 66 жастағы ер адамның тойда сөз сөйлеп, әншілерді «шайтанның азаншысы» деп атағаны, ал әйелдерге қатысты кемсітуші сөздер айтқаны көрінеді.