Тимур Сүлейменов мемқызметтегі басқарушылық мәдениетті сынға алды

Тимур Сүлейменов мемқызметтегі басқарушылық мәдениетті сынға алды

ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің өзекті мәселесін атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекеттік қызметтегі басты мәселелердің бірі – басқарушылық мәдениет, сондықтан мемлекеттік қызметшілер жұмысының жаңа стилін қалыптастыру талап етіледі және бұл жерде басшылардың өздері үлкен рөл атқарады», - деді Тимур Сүлейменов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысында.

Спикер бүгінгі алқа отырысында департамент басшылары және орынбасарлар қатысып отырғанын атап өтті. 

«Қызметкерлердің қалай жұмыс істейтіні бізге – командирлерге тікелей байланысты. Қызметкерлер біздің жұмысымызға қарайды және үлгі алады, сондықтан бұл жерде өз жауапкершілігімізді ұғынуымыз керек. Менің ойымша, мұнда assessment – 360 градус әдісімен бағалау құралы көмектеседі. Бұл әдіс Қазақстанда енгізіледі және алғашқы жылдың қорытындысына қарай тиісті тұжырымдар жасаймыз. Осылайша, мемлекеттік органдардағы басқарушылық мәдениет біртіндеп өзгереді», - деді Т. Сүлейменов.