Техникалық ақауды тексеріп жатқанда көлік кенеттен өртеніп кетті

Техникалық ақауды тексеріп жатқанда көлік кенеттен өртеніп кетті
vietnam.vn

 Жеңіл автокөлік аяқ астынан өртеніп, оқиға куәгерлерінің көмегімен тілсіз жау сөндірілді, деп хабарлайды ult.kzvietnam.vn-ге сілтеме қалдыра отырып.

Алдын ала мәлімет бойынша, төрт орындық жеңіл көлік техникалық ақауға байланысты жол жиегіне тоқтатылып, механиктің тексеруінен өтіп жатқан. Сол сәтте көліктің қозғалтқыш бөлігінен кенеттен қою түтін шығып, артынша жалын тұтанған.

Өртті байқаған жергілікті тұрғындар жүргізушіге дереу көмекке келіп, капотты ашып, қозғалтқыш бөлігіне су құйған. Жалынды толық сөндіруге шамамен 10 минут уақыт кеткен.

Жүргізушінің айтуынша, бастапқыда көліктің тежегіш жүйесінде ақау пайда болғандықтан, ол көлікті тоқтатып, жөндетуге мәжбүр болған. Кейін қозғалтқышты қайта іске қосқан кезде мотор бөлігінен өрт шыққан.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға 19 шілде күні кешкі сағат 18:00 шамасында Вьетнамның Хошимин қаласындағы Фуок Тханг ауданында, Кау Чай және 2/9 көшелерінің қиылысында болған.