Freedom Inside '26

Текеліде көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Текеліде көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
qamshy.kz

10 маусымға қараған түні Текелі қаласында 45 жастағы ер адам жұбайы салған пышақ жарақатынан көз жұмды. Ер адам жедел жәрдем қызметі келгенге дейін қайтыс болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметіне сәйкес, өлімге әкелген жарақат ерлі-зайыптылардың бірге спирттік ішімдік ішкен кезінде салынған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

"Тергеу барысы прокуратураның бақылауында", – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде күдіктіні қолдаған жазбалар таралуда. Желі қолданушылары әйелдің көпбалалы ана екенін және ұзақ уақыт бойы күйеуінің тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген болуы мүмкін екенін жазуда.

Алайда полиция бұл ақпараттың әзірге ресми түрде расталмағанын мәлімдеді. Аталған деректер тергеу аясында тексерілетін болады.