Freedom Inside '26

Тазалық қызметкерлері ескі диваннан қатты шіріп кеткен мәйіт тапты

Тазалық қызметкерлері ескі диваннан қатты шіріп кеткен мәйіт тапты
Фото: freepik

2026 жылдың 2 шілдесінде АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданындағы тұрғын үйде тазалық қызметкерлері адам шошырлық көрініске тап болды. Олар ескі диванды тазалау кезінде оның ішінен қатты шіріп, қаңқаға айнала бастаған ер адамның мәйітін тапқан, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға таңғы сағат 08:50 шамасында психикалық ауруы бар және мүмкіндігі шектеулі адамдар тұратын ғимаратта болған. Тазалық қызметкерлері келген кезде тұрғындардың бірі оларды ұры деп ойлап, полиция шақырған. Полиция жағдайды анықтап, ешқандай заңбұзушылық жоқ деп кеткеннен кейін шамамен жарты сағат өткенде жұмысшылар диванның ішінен адамның мәйітін тауып, құқық қорғау органдарын қайта шақырған.  

Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіттің әбден шіріп кеткені сонша, ер адамның нақты қанша уақыт бұрын көз жұмғанын бірден анықтау мүмкін болмаған. Оның жеке басы да бірден жарияланған жоқ. Өлімнің себебін New York City Office of Chief Medical Examiner анықтап жатыр.  

Тергеушілер әзірге ер адамның қылмыс құрбаны болған-болмағанын нақтылаған жоқ. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп, мәйіттің диванның ішіне қалай түскені және оның қанша уақыт бойы сол жерде жатқанын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.