Шымкент қаласында сабақ барысында болған оқиға көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды ult.kz.
Оқушылардың бірі кәмпит жеп отырып, кенеттен қақалып, тынысы тарылып қалған. Сол сәтте сыныпта болған мұғалім дереу әрекет етіп, оқушыға алғашқы көмек көрсеткен. Ұстаздың жедел әрі дұрыс қимылының арқасында бала аман қалып, жағдайы тұрақталған.
Оқиғаның бәрі сыныптағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кейін бұл видео әлеуметтік желілерде таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен жедел шешім қабылдау қабілетіне жоғары баға беріп, алғыстарын жаудырып жатыр.