Әлеуметтік желіде үш Ұлттық ұлан қызметкерінің баланы қолынан ұстап алып бара жатқан видеосы тарады. Кадрларға қарағанда, оқиға Ташкенттегі Шорсу базарының аумағында болған, деп хабарлайды ult.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде осы баланың өнер көрсеткен видеолары бірнеше рет жарияланған. Ол «Седая ночь» және «Белые розы» әндерін орындаған. Желі қолданушыларының жазуынша, жас орындаушы ән айтқаны үшін 100 мың сум сұраған.
Ұлттық ұлан қызметкерлерінің баланы қандай себеппен алып кеткені әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.