Әлеуметтік желіде Тараз қаласындағы оңалту балабақшаларының бірінде ерекше қажеттілігі бар балаға қатысты видео тарады, деп хабарлайды ult.kz.
Баланың әпкесі Ару Омарбектің айтуынша, сөйлеу қабілеті жоқ інісінің қол-аяғын тәрбиешілер байлап, ұйықтатуға әрекет жасаған. Оның сөзінше, бұған дейін де бала тәрбиешіден соққы алған.
Туыстарының мәліметінше, кейін баланың басынан жарақат табылып, ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.
Ал балабақша өкілі оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып, мекемеде өзін-өзі жарақаттайтын балалар бар екенін мәлімдеді.
Осылайша, тараптардың айтқаны бір-біріне қайшы болып отыр. Оқиғаның нақты мән-жайын, баланың жарақатының қалай пайда болғанын және тәрбиешілердің әрекетіне құқықтық баға беруді тиісті органдар анықтауы қажет.