“Тапсырыспен жасалып отыр”: Аша Матай мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

“Тапсырыспен жасалып отыр”: Аша Матай  мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Депутаттыққа үміткер Аша Матай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жалған ақпараттар арнайы тапсырыспен тарап жатқанын айтты. 

“Кейбіреулер мен туралы жалған ақпарат таратыпты. Халықты шатастырыпты. Мен өз үміткерлігімнен бас тартпадым. Бұл тапсырыспен болып жатыр. Мен депутат боламын деп өзіме сенем. Маған сенген азаматтар, оқырмандар, тыңдармандарым өздеріңіздің мұң-мұқтаждарыңызды маған жазыңыздар. Сенім артып қолдаңыздар” , - деді әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды ашық пікірталасқа шақырып, депутаттыққа үміткер ретінде қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша көзқарасын жария түрде қорғауға үндеген болатын. Алайда әнші дебатқа қатысудан бас тартып, мұны анасынан алған тәрбиесімен түсіндірген. Кейін екі тарап арасында пікір қайшылығы туындап, Шекеев Аша Матай оның сөзін бұрмалағанын айтып, қажет болса сотқа жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеді. Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде әншінің кандидатурасына қатысты түрлі қауесеттер тарай бастады.